Астанада қоймадағы ірі өрт сөндірілуде

Өрт аумағы 1 мың шаршы метрді құрады

Фото: ҚР ТЖМ

2024 жылы 18 наурызда таңертең Астанада ірі қойма өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 1 мың шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Newsroom.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы мен Астана қалалық ТЖД 15 бірлік техникасы жұмылдырылған.

"Сағат 07:20-да Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелері Байқоңыр ауданына түскен қоңырауға ден қойды. Өрт сөндірушілер жеткен кезде бір қабатты қойманың өртеніп жатқаны, алдын ала мәлімет бойынша 1000 шаршы метр аумақта толығымен жанып кеткені анықталды."

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...