Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Алматыда қоқыс үйіндісінен кішкентай бала табылды

Бала анасына табысталды

Алматыда қоқыс үйіндісінен кішкентай бала табылды
Видеодан кадр

Алматыда жедел жәрдем бригадасы үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Elitar.kz-ке сілтеме жасап.

"Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", - делінген жазбада.

Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату