Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Sportroom

Шорт-трекші Денис Никиша: Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық

Құтты болсын!

Шорт-трекші Денис Никиша: Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық
Фото: zakon.kz

Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеп, күміс жүлдегер атанған жерлесіміз шорт-трекші Денис Никишаның жарыстан кейін берген алғашқы сұқбаты жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы өміріндегі ең үлкен жеңісі турады пікірімен бөлісті.

"Қазір бастан кешіп жатқан сезімдерімді жеткізу мүмкін емес. Айтарға сөзім жоқ. Осы медальға қол жеткіздік-ау! Былтыр жүлде қолымнан сырғып кетіп еді. Бүгін бәрі ойдағыдай болды. Өз нәтижеме ризамын. Күміс медаль - менің жақсы өнер көрсеткенімнің айғағы. Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық. Ризамын. Осы жолдағы ең қиын нәрсе – өз-өзіңмен күресу. Спортшылар менің не айтқым келетінін түсініп отыр. Нәтиже көңілден шығады.  Маусым аяқталар тұста көңілім жайланып қалды. Жылдың соңғы халықаралық жарысы. Енді демалып, қайтадан қалыпқа келуге мүмкіндік бар. Миландағы Олимпиадаға екі жыл қалғанын ескеріп, әрі қарай еңбек ету керек", - деді Никиша.