Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Көктайғақ, қатты жел: 17 наурызда ауа райы қандай болады?

17 наурызға арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ, қатты жел: 17 наурызда ауа райы қандай болады?
Фото: bugin.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 наурыздан 22 наурызға дейін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, тұрақсыз ауа райы сақталатынын мәлімдеді. 17 наурызда елорда мен жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Қарағанды ​​облысында тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада тұман күтіледі.

Жамбыл облысында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген судың пайда болуы, еңіс ағындары және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, су тасуы және су басуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында облыстың оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Ақмола облысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.