"Махаббатың құдірет күші әлдилеп": Айжан Байзақованың інісі ақ некесін қиыпты

Сен маған келін емессің, менің сүйікті сіңілімсің,-деді Байзақова

Фото: instagram/Lilbaes

Танымал блогер Айжан Байзақованың інісі шаңырақ көтерді. Бұл туралы желі жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасына жазып, жақсы жаңалықпен бөлісті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Отбасымызға қош келдің! Құттықтаймыз! Біз нәзік, әдемі, шынайы жақсы көретін және менің ініме адал сені қатты күттік. Сен маған келін емессің, менің сүйікті сіңілімсің. Мен үнемі сендердің тіректерің болып, қолдау көрсетемін. Осы үшін мен түнімен ұйықтамадым, бұл мен үшін туған күніме берілген ең күшті сыйлық", - деп жазды Айжан Байзақова.

 

Жұлдызды отбасының қуанышты жаңалығын естіген желі қолданушылары да ақ тілегін жаудырды. "Құттықтаймын, жастар бақытты болсын", "Әпкесінің көзінен інісі үшін қуанышты көрдім", "Бақытты болсын", "Келін құтты болсын", - деп жазуда. 

Жүктелуде...