Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаевтың басшылығымен Атырауда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өткізілді

Ұлттық Құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган екенін айта кетейік

Тоқаевтың басшылығымен Атырауда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өткізілді
Фото: Akorda.kz

Атырауда өтіп жатқан ІІІ Ұлттық құрылтайдың отырысына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев келді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Көрме павильонында өтіп жатқан жиын сағат 14:30 шамасында басталды. Үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері, т.б. қатысқан жиынға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық етіп отыр. Алғашқы сөз Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршинге берілді. Халық қалаулысы патриотизм туралы пікір білдірді.

Ұлттық Құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган екенін айта кетейік. Ұлттық Құрылтайдың басты мақсаты – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу.