Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қажет Смағұл Тұрсынбекпен араласпай қалыпты

Журналистер сұхбатымды кесіп, бұрмалап жіберген,-деді ол

Қажет Смағұл Тұрсынбекпен араласпай қалыпты
Фото: Saumal.kz

Белгілі актер Қажет Смағұл “Әзіл әлемі” театрының директоры Тұрсынбек Қабатовпен араласпай кеткенін мойындады,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Youtube желісіндегі Saumal парақшасына сілтеме жасап 

Журналист Олжас Болатбекұлы танымал өнер иесіне “Бір бағдарламада Тұрсынбек Қабатов қарызын толық бермеді, деген едіңіз. Одан бері екі жылдай уақыт болды. Әлі де берешек пе? 300 мыңның жыры немен аяқталды? деп сұрақ қойды.

Өз кезегінде Қажет Смағұл сол сұхбаты қиылып, Тұрсынбек Қабатовқа бұрмаланып жеткенін атап өтті. 

"Журналистер сұхбатымды кесіп, бұрмалап жіберген. Сол сұхбаттан кейін Тұрсынбек екеуміздің қарым-қатынасымыз үзіліп кетті. Ол жерде мен оны жамандаған жоқпын. Керісінше рахмет айтып отырдым. Маған ұтып алған миллионды толық алдыңыз ба деген сұрақ қойылды. "700 мың алдым, 300 мың қалып қойды" деп жауап бердім. Соны "Тұрсынбек қарыз екен" деп бұрмалап жіберген. Содан кейін журналистерге ренжулимін. Мені халыққа танытып, үлкен сахнаға шығарған Тұрсынбек еді. Монтаждап басқаша шығарған. Содан кейін қаншама жыл өтіп кетті. Тәкеңді көрсем айтам деп едім. Бірақ оны көрмегелі біраз болды. Кездессем кешірім сұрауға кеш деп ойлаймын. Оның ойы қалыптасып қалды. Әзілдеп отырған жерімді қиып, осылай арамызды бұзды", - деді актер. 

Айта кетейік, 2015 жылы Қажет Смағұл өнердегі әріптесі Тұрсынбек Қабатов ұйымдастырған “Базар жоқ алаңы” шоуында жеңімпаз атанды.