weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 наурыз, 2024 / Динара Сембаева / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Венесуэла президентіне қастандық жасамақ болғандар ұсталыпты

Венесуэла прокурорлары ұсталғандарға қылмыстық сөз байласу және кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағып отыр

Венесуэла президентіне қастандық жасамақ болғандар ұсталыпты
Фото: РИА Новости

Венесуэланың Монагас штатында Мемлекет басшысы Николас Мадуроның өміріне қастандық жасамақ болған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Newsroom.kz

«РИА Новости» агенттігі күдіктілер ондаған сарбаз жинап, қару-жарақтарын сайлап, бүлік ұйымдастыруды жоспарлағанын жазды.

Елдің Бас прокуратурасы ұсталғандар Ұлттық гвардияның дезертир-сержанты Ренцо Флорес және «Дело R» саяси ұйымының Уилфер Хосе Пинья екенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ бас прокурор Саабтың айтуынша, олардың «Бірге Монагас үшін» саяси ұйымының мүшелері екені белгілі болған. Ұсталғандардың ұялы телефондарын тексеру барысында қару-жарақ алу және бүлік ұйымдастыру үшін 50 сарбазды тарту туралы әңгімелер анықталған.

Венесуэла прокурорлары ұсталғандарға қылмыстық сөз байласу және кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағып отыр. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→