Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Дулатқа мүмкіндік беру керек»: Белгілі журналист Таиландтағы олимпиадаға кімді жіберу керектігін айтты

Журналист Аслан Каженов өзінің Facebook парақшасында боксшы Дулат Бекбауов туралы айтты

«Дулатқа мүмкіндік беру керек»: Белгілі журналист Таиландтағы олимпиадаға кімді жіберу керектігін айтты
Фото: instagram/ boxingkazakhstan

Бокстан ұлттық құрама командасының боксшылары Болгарияның астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін болған халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Журналист Аслан Каженов өзінің Facebook парақшасында боксшы Дулат Бекбауовты Таиландтағы олимпиадаға жіберу керектігін жазған болатын.

-Дулатқа мүмкіндік беру керек. Кешелі бері олимпиада лицензияларын түгендеп, мәре-сәре болып жатырмыз. Бірақ, өкініштісі, орта салмақта бір жолдама жетіспейді. Қытайға Ертуған Зейнуллиновты, Италияға Мұхаммедсабыр Базарбайұлын апарып көрдік. Болмады. Бірде бақ, бірде бап шаппай қойды. Енді Тайландта соңғы мүмкіндік бар. Соған кімді жібереміз? Кім үмітті ақтай алады? Кімнің бабы келісіп тұр? Міне, отандық бокс жанкүйерлері енді осыған бас қатырып әлек.  

Әлеуметтік желідегі парақшамда «Дулат Бекбауов барсын» деген пікір көбейді. Кейін өзім де ойланып қалдым. Иә, неге бармасқа?! Дулат 67 келіге дейінгілер арасында өнер көрсетеді. Енді 63,5 келіге ауысуы қажет.  Артынша, саладағы білікті мамандарға хабарластым. Қазір небір технологиялар бар. Спорттық медицина мен спорттық ғылым дамыған. Жоғары санатты диетологтар да табылады. Қысқасы, салмақты реттеу айтарлықтай мәселе емес. Бастысы – боксшының ниеті мен халықтың сенімі дейді. Бұл жерде, әрине, барлығы ұлттық құрамадағы бапкерлердің шешіміне байланысты. Мүмкін осы салмақта арнайы спаррингтер өткізіп, нағыз мықтыны анықтау керек шығар. Оны, менсіз-ақ, өздері жақсы біледі. Қалай болғанда да, осы жігітті назардан тыс қалдырмаса деген тілек қой. Кім біледі, мүмкін именно Дулат Бекбауов олимп шыңын бағындырып, Бақтияр Артаев ағасының жеңіс жолын жалғай түсер. Ондай мысалдар көп қой. Соңғы лицензиялық турнирде жолдама алып, кейін олимпиада чемпионы болғандарды айтам. Сондықтан, алға шіли шапқыламай-ақ қояйын. Барлығын уақыт көрсетеді. Дулатқа сәттілік тілеймін,-деді ол.