“Человек в маске” лақап атымен танымал желі қолданушысы мереке қарсаңында тағы бір отбасыны қуантты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бұл жолы бетперделі азамат 11 жастағы Аяулым атты қыздың жанұясына көмектесті.
Аяулымның ата-анасының екеуіде мылқау, ал өздері шағын үйді жалдап тұрады екен. Кішкентай қыздың арманы - олармен тілдесу көрінеді.
“Менің атым - Аяулым. Ата-анам кішкениай кездерінен сөйлемейді, инвалид. Біз осы үйді жалдап тұрамыз. Моншаға барып шомыламыз. Өйткені бізде жуынатын жер жоқ. Әкем - фасовщик, анам - тігінші. Ата-анам сөйлеп кеткенін армандаймын, олармен сөйлескім келеді”,- дейді Аяулым.
Бетперделі азамат Аяулыммен әңгімелесіп болып, оны жаңа үймен сүйіншілеп, кілт табыстады. Сондай-ақ ата-анасының еміне қажетті қаражатты берді.
“Аяулым, қарындасым сенің ата-анаң Құдай бұйырса емделуге барады және сіздер үйлі болдыңыздар”,- деді бетперделі азамат.
Айта кетейік, бұған дейін де бетперде таққан жанның қайырымдылықтары туралы жазған едік. Мейірімді азаматтың кім екені әлі белгісіз. Алайда желі қолданушыларының біразы оны әнші Димаш Құдайбергеновке ұқсатады.