“Бетперде киген құтқарушы” мүгедек жігітке көлік сыйлады

Қазақстанның өз Робин Гуды пайда болды

Коллаж: newsroom.kz

"Человек в маске" есімімен танымал қайырымды істер жасайтын желі қолданушысы тағы да ізгі іс жасады,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл жолы "бетпердедегі адам" - бала кезінен екінші топтағы мүгедектікпен өмір сүретін және өзінің барлық саналы жасын балдақпен өткізіп жүрген жігітке көлік сыйлады.

Жас жігіттің оқиғасын "бетпердедегі адам" бейнеге жазып, өз әлеуметтік желісіне жүктеді.

Бейнероликте жігіт ата-анасының денсаулығында да мәселелер бар екенін айтты. Сондай-ақ, жас жігіт әйелімен және екі баласымен бірге мешіттегі бөлмеде тұрып, сол жерде қызмет атқаратын көрінеді.

"Бетперде киген адаммен" сөйлескен ол жұбайының да көру қабілеті бұзылғандығын және оған операция қажет екендігін айтты.

Жігіттің әңгімесін тыңдап келе жатқан "бетперде киген адам"  жігітті мешітке көлікпен жеткізіп, содан кейін оған көлік кілттерін сыйға тартты.

Бастапқыда мұндай бақытқа сене алмаған мешіт қызметкері көзіне жас алып, артынша алғысын жаудырды.

Бұған дейін "бетперде киген адам" жалдамалы үйде тұратын екі баласы бар жалғызбасты ананың сырқаты туралы біліп, оған жаңа үйдің кілтін табыстаған еді.

Қазақстанның өз Робин Гуды пайда болған секілді. Осындай елім деген ер бар кезде, болашағымыз әлдеқайда жарқын болары сөзсіз.

Жүктелуде...