6 наурыз күні сағат 8:10 шамасында Ақтөбе облысы Астрахань тас жолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Жол апаты Lada Largus және Toyota автокөліктерінің қатысуымен орын алған.
Салдарынан 8 адам қайтыс болды. Оның ішінде 4-і жасөспірім. Сонымен қатар, маркасы Largus автокөлігі түгі қалмай жанып кеткен. Қазіргі таңда, тиісті іс-құжаттар жинақталуда.