Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының экс-басшысы сотта есінен танып қалыпты

Сот отырысы кейінге қалдырылды

Қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының экс-басшысы сотта есінен танып қалыпты
Фото: inbusiness.kz

Талдықорғанда полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы оның денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Алайда, сот отырысы барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілген.

"Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық ІІБ бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталған еді.

Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр. Қаланың бас сақшысы 27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға қоғамның наразылығын тудырған еді.