Halyq-Uni You tube арнасында арнайы мамандармен алаяқтық тақырыбында ой қозғалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Алаяқтық - бүгінгі қоғамның басты дерті. 2023 жылы құқық бұзушылықтардың 30% алаяқтық бойынша тіркелген. Әсіресе, Алматы, Астана, Қарағанды қалалары көш бастап тұр. Қазіргі таңда интернет алаяқтық өршіген.
ҚР ҰҚК мәліметінше, соңғы үш жылда 59 млн факті тіркелген, келтірілген шығын көлемі - 43 млрд. теңге.
«Күдікті бүгінін ғана ойлайды. Алаяқтықпен айналысқан банк қызметкеріне, «Forbes.kz» ең бай 50 адамның тізіміне енген азаматқа Сот үкімі шықты. Банктің есеп шотын ешкімге беруге болмайды», -деді Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбек.
Алаяқтар ешқашан жалғыз әрекет етпейді бірігіп алдайды екен.
"1995 жылы туылған азамат 35 адамды, 20 жастағы қыз 9 кәсіпкер әйелді алдағанын, алаяқтар қылмысты топпен жасайды. Алаяқтың арбауына түсетіндер оңай жолмен ақша табуды ойлағандар,-деді адвокат Ләззат Ахатова.