Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Маңғыстауда «Тропикамид» дәрісі рецептсіз сатылып келген

Кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды

Маңғыстауда «Тропикамид» дәрісі рецептсіз сатылып келген
Фото: telegra.ph

Маңғыстау облысында есірткі әсерін күшейтетін дәрілер рецептісіз сатылып келген, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында лицензиясы жоқ дәріхана, сондай-ақ, мерзімі өткен дәрілерді сақтау, "Тропикамид" дәрісін үлкен көлемде (45 мыңнан аса қаптама) рецептсіз сату деректері анықталған.

Осыған орай облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

"Тексеріс нәтижесінде дәріхана иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және  426-бабының 1, 3-бөліктері (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды", - деп жазды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.