Ұлтқа қауіпті, дәстүрге жат ұйымдар жойылсын. ЛГБТ шеруіне жол жоқ!” деген ұранмен Алматыда жалғыз адамдық пикет сериясы жалғасуда,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Бүгінде қолына плакат ұстаған наразылығы бар тұрғындар, адам көп жүретін Арбат, Астана алаңы мен Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының алдында тұрып, әйел мен балалар құқығын, зорлық-зомбылықтан қорғаймыз деген өтірік ниеттегі ұйымдардың жабылуын талап ету мақсатында жалғыз адамдық пикеттер ɵттi.
“Бұндай ұйымдар әйелдің құқығын қорғаймыз деген өтірік сөзбен, жасырын түрде ЛГБТ ұйымдарын насихаттауда. Әйел адамдардың құқығын елімізде ешкім шеттетпейді. Конституциямызда да барлық адамның құқығы тең. Олар сонда біздің құқығымызды кімнен қорғамақшы? Батыстың жаман мәдениетін жастарымыздың миына сіңіріп тастамақшы. Қоғам үшін, келешек ұрпақ үшін бұндай ұйымдарды тоқтату біздің міндет. Ата-бабамыз қорғаған жерді ертең кімге қалдырамыз. Бір жынысты болып кеткен жастарға ма? Сондықтан, бұл қауіптің нүктесін қою керекпіз. Бізді ешкім шеттетпейді. Біздің барлық жерде ер адамдармен құқығымыз тең, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Әйел адамның өміріне ешқандай қауіп жоқ ”-, деді жалғыз адамдық пикетке шыққан белсендi.
Еске сала кетейік, Алматыда бірнеше күннен бері феминистік ұйымдардың шеруiне қарсы жалғыз адамдық пикеттердiң сериясы жалғасуда. Олардың негізгі мақсаты жасырын ЛГБТ ұйымдарын үгіт-насихат жасайтын ұйымдарды түп тамырымен жою.