Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілді

Жеке тұлғалардан 86 мың өтініш келіп түскен

Қазақстанда 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілді
Фото: Kapital.kz

Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілді. Бұл шамамен 20 миллиард теңгедей қаржы, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Жеке тұлғалардан 86 мың өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі мақұлданбаған. Себебі, бұл азаматтардың берешегін кешіктіріп төлеу мерзімі 12 айдан аспаған.

Банкпен несие рәсімдеген құжатын да жоғалтып сергелдеңге түскендері бар. Ал енді не өзінде, не отбасы мүшелерінде тіркеуде мүлкі барларының өтініші мақұлданбаған.

«9871 қазақстандықтың несиесі кешірілді. Соның ішінде, 944 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл азаматтардың енді қаржы сауатын арттыру үшін жұмыс істейміз», – деді мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.