Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру шарасы барысында өткен жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол адам ұрлау бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінде.

Жүктелуде...