Парламент сенатының депутаттары үкіметке Қазақстанда зиянды өнімдерді жарнамалауға тыйым салу туралы ұсыныспен жүгінді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова сенат депутаттарының сауалына жауап бере отырып, Қазақстанға энергетикалық сусындар, чипстер, фастфуд және басқа да зиянды өнімдер сәйкестік туралы декларациямен әкелінетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол өнімдер өткізу сатысында сатып алу және өнімдерді санитарлық-эпидемиологиялық мониторингілеу аясында бақылаудан өткізіледі. Бұл ретте Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында салауатты және рационалды тамақтану және салауатты әдеттерді, оның ішінде балалар арасында қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген. "Денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрліктері ұлттық телеарналар мен радиоарналарда балаларға арналған зиянды өнімдерді жарнамалауға уақытша шектеулер енгізу мәселесін қарастыруда", - деді вице-премьер өз жауабында.