Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өзбекстан халқы фастфудтан бастартып салауатты өмір салтына көшіпті

Өзбекстан телеарналарында таңғы 7-ден 22:00-ге дейін зиянды шырындар мен фастфудты жарнамалауға тыйым салынған

Өзбекстан халқы фастфудтан бастартып салауатты өмір салтына көшіпті
Фото: Ferra.ru

Қазір көрші еліміз Өзбекстан  телеарналарында таңғы 7-ден 22:00-ге дейін зиянды шырындар мен фастфудты жарнамалауға тыйым салынған. Енді көшелердегі билбордтарда да болмайды,- деп хабарлайды Newsroom.kz сайты.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы – 2030» ұлттық стратегиясының жобасын әзірледі. Құжатқа сай, өзбекстандықтар арасындағы семіздік дертін азайту жоспарланып отыр.

Бұл мақсатқа балабақша мен мектептерде дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы да қол жеткізбек. Өзбекстан енді энергетикалық және газдалған сусындарға акциздік салық енгізеді. Оның әрбір литріне 2000 сум, яғни 75 теңге көлемінде акциз есептеледі. Құрамында қанты бар газдалған сусындар үшін салықтың бұл түрі 500 сум көлемінде болмақ. Денсаулық сақтау министрлігі елде қант диабеті ауруы көбеюі мүмкін, деп алаңдағаннан осынай қадамға барып отыр.