Жамбыл облысы Шу ауданынан Алматыға тұрақты есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Newsroom.kz
Жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы жауынгерлермен бірлесіп, бір уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында операция жүргізді.
Кешенді жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталды. Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.
«Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 келі марихуана мен 15 келі гашиш, заңсыз бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.