Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астанада автобустан құлап түскен жолаушы үшін жүргізуші жазаланды

Елордада әйел адам автобус есігі дұрыс жабылмай сыртқа құлап қалған

Астанада автобустан құлап түскен жолаушы үшін жүргізуші жазаланды
Фото: zakon.kz

Астанада автобус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесінің бойымен келе жатып, жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Адам толы автобусқа әйел кіріп, көліктің есігі жабылған. Автобус қозғала бастағанда есік қайтадан ашылып, әйел одан құлап кетеді. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамай кете берген.

Желі қолданушылары жүргізушінің бұл әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпаған жолаушыларға да наразы болды.

Редакция полициядан жағдайға қатысты пікір беруін сұрады.

"Жолаушы зардап шеккен жоқ. Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды", - делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.