Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы Қаныш Сәтбаевтың жазбасы табылды

Қазақстанның ең бай пайдалы қазбалары туралы айтылған 1959 жылғы бірегей аудио таспа жарық көрді

Фото: Спутник

Қазақстанның ең бай пайдалы қазбалары туралы айтылған 1959 жылғы бірегей аудио таспа жарық көрді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы 24KZ сайтына сілтеме жасап.

Қаныш Сәтбаевтың 1959 жылғы таптырмас аудиожазбасы Павлодардағы мұражай қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл оның Мәскеуде өткен КСРО Коммунистік партиясының 21-съезінде сөйлеген сөзінің үзіндісі.

Қазақстан Ғылым академиясының президенті өз сөзінде қазақ даласында тұздан басқа құнды ештеңе жоқ деген ескірген пікірді жоққа шығарды. Сәтбаев кеңестік геологтар тобы 200-ден астам көмір кен орнын анықтағанын, оның ішінде Қарағанды, Екібастұз және Майкөбедегі қорлары жүздеген миллиард тоннаға жететін алып кен орындары бар екенін айтқан.

Сол кездің өзінде-ақ қазақ ғалымы еліміздің батысындағы мұнай мен газға бай кен орындары туралы білген. Аудио жазба ұзақ жылдар бойы атақты павлодарлық қолөнерші Бақыт Сағындықовтың отбасында сақталған. Жақында оның туыстары облыстық тарихи-өлкетану музейіне ескі аудио таспаны сыйға тартты.

«Қазақстанның жер қойнауында түрлі-түсті, қара, асыл, сирек металдардың барлық дерлік түрлерінің әлемдік деңгейдегі қорлары, минералды тыңайтқыштар шикізаты, көмір, тұздар, құрылыс материалдары, сондай-ақ мұнай мен табиғи газдың үлкен қорлары бар»,   деді Сәтбаев Мәскеуде өткен съезде.

Тарихи-өлкетану мұражайы қорының бас тәлімгері Әлия Жомартованың айтуынша, бұл аудиожазба қазір эксклюзивті экспонат болып отыр.

«Әрине, Қазақстан ғылымы үшін көп еңбек сіңірген атақты ғалымымыздың үнін есту біз үшін өте маңызды. Павлодар өзінің атақты жерлесін мақтан тұтатынын білесіздер. Сондықтан бұл дауыс Қазақстан үшін өте құнды. Бұл бірегей экспонат»,  - дейді ол.

Жүктелуде...