24 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жасады,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Әуежай намаз оқуға арналған ерлер мен әйелдер бөлмелері терминалдың бірінші қабатында орналасқанын хабарлады.
"Құрметті жолаушылар! Біз сіздерге ішкі ұшу терминалында орналасқан намазханалардың жөндеу жұмыстары аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Намаз оқуға арналған ерлер мен әйелдер бөлмелері терминалдың бірінші қабатында орналасқан. Сонымен қатар тағы бір намазхана ішкі терминалдың стерильді аймағында қолжетімді. Жолаушылар исламдағы 5 парыздың бірі - намазды сапарларының алдында еш қиындықсыз оқи алады, - делінген әуежайдың Telegram-арнасындағы хабарламада.