Халықаралық спорт жарыстарынан шеттетілген Ресей қазір әртүрлі жарыстар ойлап табуға бейім болып кетті. Бұған дейін Беларусь елінде ТМД ойындары өткен. Енді Татарстан астанасында «Болашақтың ойындары» атты халықаралық жарыс басталды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Диджитал турнирге 100-ден аса елден 2 мың спортшы жиналды деген ақпарат бар. Қазақстаннан 48 спортшы қатысып жатыр. Қатысушылар спорттың 21 түрінен өнер көрсетуде. Біздің спортшылар соның 13-і бойынша бақ сынайды.
Жарыстың бір ерекшелігі – ойыншылардың интеллектуалды және физикалық біліктілігі бірдей сыналады.
«Шын мәнінде, «Болашақтың ойындары» – IT интеллект пен спорт ұштасқан бірегей формат. Біз мұнда мықты команда әкелдік. Жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Жалпы Қазақстанда IT секторы дамып келеді. Біздің өз ойындарымыз бар. Халықаралық деңгейде жарыстар өткіземіз. Ресей Федерациясы дер кезінде қолға алған осы бастаманы жалғастыру үшін келесі «Болашақтың ойындарын» біздің елімізде ұйымдастыруды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Сондай-ақ, Тоқаев Путинге турнирде қазақша сөйлеп елді таңқалдырды.
- Ең алдымен сізге ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойын жоқ. Сондықтан баршаңызға сәттілік тілеймін,-деп айтты Тоқаев.