Қазақстанның 12 қаласында ауа ластануы күтілуде

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

Фото: qazaqstan.tv

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы 10 қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"2024 жылғы 23 ақпанда Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жүктелуде...