Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы қыз зорлағаны үшін сотталыпты

Дани Алвес 4 жарым жылға бас бостандығынан айырылды

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы қыз зорлағаны үшін сотталыпты
Фото: ашық дереккөзден

Испания соты "Барселона" мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті түнгі клубтардың бірінде әйелге жыныстық зорлық жасағаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды newsroom.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ол төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот Алвес жәбірленушіге 150 мың еуро төлеуі керек деп шешім шығарған.

40 жасар тарихтағы ең титулы көп футболшылардың бірі болған Алвес 2023 жылдың қаңтарында қамауға алынып, түрмеде болған. Тергеушілердің айтуынша, ол 2022 жылдың 31 желтоқсанында таңертең болған әйелге қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарған.

“Жәбірленушінің келісім бермегені дәлелденді және талапкердің айғақтарынан басқа зорлауды дәлелденген деп есептеуге мүмкіндік беретін дәлелдер бар”, – делінген сот шешімінде. 

Алвес болса жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болғанын айтып келген. Футболшының адвокаты оның жазықсыз екенін айтып, ақтауын өтінген. Алайда прокурор Дани Алвесті тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.