Сұмдық! Ер адам жерде жатқан баланы аяусыз тепкілеген

Қатігездікпен балаларды тепкен тұрғынның видеосы тарады

Видеодан кадр

Түркістан облысында Ер адамның баланы аяусыз ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалып, қоғам наразылығын тудыруда, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық бейнеленген видео тарап жатыр. Онда ер адам жерде отырған баланы тепкілеп жатқаны бейнеленген. Кейін ол балаға айғайлайды. Балалар жылап жатыр.

Бұл оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында болған. Балаларға жасалған заңсыз әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажет тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Істің тергеу барысы Түркістан облысы бойынша ДПБ басшысының жеке бақылауында.

Жүктелуде...