Екі қазақстандық азаматша Таиландтағы джунглиде құлдықта болған, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте айтты.
"Осы жылы қаңтардың соңында Таиландтағы консулдықтың WhatsApp нөміріне хабарлама келді. Онда "Мен Қазақстан азаматымын. Қай мемлекет екенін білмеймін, джунглидің ішінде құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер" деп жазылған. Дереу анықтай бастадық. Сөйтсек біздің екі азакматшамыз құлдыққа түсіп қалған. Ең қызығы екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарламаны көріп, алданып қалған. Әр адам басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен жұмыс істеп, бір айда екі азаматша құтқарылды. Қазіргі таңда олар елге келе жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.