Қостанайдағы Архангел Михаил ғибадатханасынан 1,2 миллион теңгеге шіркеу ыдысы ұрланды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Кейіннен ұры ұрланған заттарды қоқыс жәшігіне тастап кеткен.
Ұрланған заттардың арасында бірнеше крест, сондай-ақ конфессиялық Інжіл болды. Ғибадатхана теміржол вокзалының жанында болғандықтан, ұры бірден жасырынуға шешім қабылдады. Бірақ полицейлер оның ізіне түскенін түсініп, олжасын қоқыс жәшігіне тастапты.
"Полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды", - деді Қостанай полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.
Ұрлық жасағаны үшін павлодарлыққа екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы полицейлерге ұрлықты жедел ашқаны үшін алғысын білдірді.