weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 ақпан, 2024 / Рысжан Амантай / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рамзан Қадыровтың ұлы министр болыпты

Ахмат Қадыров жаңа лауазымға тағайындалды

Рамзан Қадыровтың ұлы министр болыпты
Фото: prokadry.kz

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы, 18 жасар Ахмат Қадыров Республиканың жастар ісі жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды, сондай-ақ оған өңірдің ең жоғары наградасы -  Қадыров атындағы орден табыс етілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы prokadry.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Республика үкіметінің төрағасы Магомед Даудов әлеуметтік желісінде Ахмат Қадыровтың жаңа лауазымды көрсетіп, құттықтады.

Бұған дейін Ахмат Қадыров Спорт және жастар саясаты Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды, ол бұл лауазымды кәмелетке толғаннан кейін көп ұзамай алды.

2023 жылы Ахмат Қадыров әкесінің көмекшісі және облыстық "біріншілер қозғалысы" бөлімінің төрағасы болды. Көктемде жасөспірімді Кремльде Ресей президенті Владимир Путин қабылдады.