Астана мен Алматы қаласының тұрғындары ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды еске алып, гүл шоқтарын қойды,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ВВС-ге сілтеме жасап.
Деректерге сай, астаналықтар Алексей Навальныйдың рухына тағзым етіп, Астанадағы ашаршылық құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қойған. Ал алматыда халық оппозиционердің рухына тағзым етіп, Ресей бас консулдығы алдына гүл шоқтарын қойып, шырақ жаққан.
Азаттық радиосының мәліметінше, дипломатиялық өкілдік ғимаратына Навальныйдың фотосуреттері мен портреті де әкелінген.
Ресейлік оппозиционердің өліміне қатысты Қазақстан билігінен әзірге ресми пікір болған жоқ.