Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ресейдің қоғам қайраткері Алексей Навальный кім еді?

Алексей Навальный туралы не білеміз?

Ресейдің қоғам қайраткері Алексей Навальный кім еді?
Фото: Новости Брянска

Осыған дейін  Ресейдің қоғам қайраткері Алексей Навальный Харп кентіндегі "Полярная сова" түзеу колониясында қайтыс болғанын хабарлап едік. 

Алексей Навальный туралы не білеміз? 

Осыған орай Newsroom.kz порталы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Алексей Анатольевич Навальный 1976 жылы 4 маусымда Мәскеу түбіндегі Бутин әскери қалашығында дүниеге келген. Ата-анасы Анатолий Иванович пен Людмила Ивановна.

Демократиялық өзгерістер кезінде оның отбасы, Кобяковский тоқыма фабрикасын басқарған. Оппозиционер өз ұлты туралы ашық айтпайды. Алайда бір сұхбатында өзінің шыққан тегі Украинамен тығыз байланысты екенін атап өткен. Оның Олег есімді бауыры бар. 

Навальный Ресей халықтар достығы университетінің заң факультетінде оқыған. 1998 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясында оқуын жалғастырған. Сонымен бірге ол Аэрофлот банкінде және ST Group даму компаниясында заңгер болып жұмыс істеген. 

Қаржыгер мамандығы бойынша диплом алған Навальный білімін Йель университетінде Йельдік әлем стипендиаттарының гранттық бағдарламасы бойынша 6 айлық курспен толықтырған. Қызы 2019 жылы Стэнфорд университетіне оқуға түсіп, бауыры екеуі АҚШ-қа кеткен. 

32 жасында Алексей Навальный инвестицияға қызығушылық танытып, Транснефть, Сургутнефть, Газпромнефть, Роснефть және Сбербанк компанияларының шағын үлестерін сатып ала бастаған. Сонымен қатар оппозиционер ВТБ банкінің акционері болды.

Жеке өміріне тоқталсақ, жары Юлиямен 1999 жылы отау құрған. 2001 жылы туған Дарья есімді қызы мен 2008 жылғы Захар атты ұлы бар. 

Алексей Навальный саясаттағы жолын "Яблоко" демократиялық партиясынан бастады. "Яблокодан" шығарылғаннан кейін "Халық" ұлттық демократиялық қозғалысын құрып, "Орыс маршы" шеруіне қатысты. 2012 жылы Болотная алаңында өткен "Миллиондар маршы" шеруіне қатысты.

Алексей Навальный қазіргі шенеуніктер мен мемлекеттік басқару жүйесінде басшылық қызметте болғандарды сынға ала бастадыү Бірте-бірте ол қарапайым саясаткер және белсенді блогерден Ресейдегі оппозицияның ауқымды көшбасшысына айналды. Оппозиционер Борис Немцов өлтірілгеннен кейін ел ішінде биліктің басты сыншысына айналды.

2013 жылы Навальный Мәскеу мэрлігіне үміткер болып, қажетті дауыс жинай алмады. Ол кезде ол өзінің "РосПил", "РосЯма" және "РосВыборы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы интернет-жобаларын құрып үлгерген еді. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке қорын тіркеген (экстремистік ұйым деп танылып, сот шешімімен таратылған).

Көп ұзамай ол бірнеше зерттеу фильмдерін ұсына бастады. Ресейде көпшіліктің наразылығын тудырған "Чайка" деректі фильмі жарыққа шықты. Фильмнің арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы былықтар әшкереленді. Навальныйдың өзі де Twitter және Facebook микроблогтарында (әлеуметтік желіге Ресей Федерациясында тыйым салынған, Ресей Федерациясында экстремистік деп танылған Meta корпорациясына тиесілі) жемқорлыққа қарсы жазбаларын шығарып, көпшіліктен қолдау тапты.