Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Оралда жол апатынан кейін бой тасалаған жүргізуші анықталды

Құқық бұзңшының көлігі арнайы тұраққа қойылды

Оралда жол апатынан кейін бой тасалаған жүргізуші анықталды
Фото: baq.kz

БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы жедел-іздестіру тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушіні тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру кезінде 12 ақпан күні сағат 21:54-те Орал қаласының Ашхабат көшесімен аса үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан ВАЗ 21150 автокөлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған көлікті соғып, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды. Құқық бұзушы 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Оны табуға бейнебақылау камералары көмектесті.

Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ ол ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде көлік иесі полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.