Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни твиттер әлеуметтік желісінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды newsroom.kz.
"Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына және Қатар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі пікірталасқа ризамыз. Біз екі достас ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту тетіктері туралы келістік және неғұрлым жемісті ынтымақтастыққа, ортақ ұмтылыстар мен қалаған амбицияларға сәйкес орнықты әріптестік орнатуға үміттенеміз", - деп жазды Катар әмірі.