Теміртауда дүкенде газ жарылыпты

Үйінді астынан әйел адам шығарылды

Фото: ТЖМ

Теміртауда 2 қабатты дүкенде газ жарылды, - деп хабарлайды newsroom.kz.

15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесіндегі 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкеннің 2 қабатты ғимараты қирап, жанғаны анықталды.

"Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді тазалауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 техника оқиға орнына бара жатыр", - делінген хабарламада.

Сағат 08.44-тегі жағдай бойынша үйінді астынан әйел адам шығарылған, оның айтуы бойынша, үйінді астында ер адам бар.

Жүктелуде...