Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Лимузинде ұмытып кеткен көйлегін алайын десе, жүргізушінің 20 мың теңге сұрауы заңды ма?

Теміртауда бір жағдай қоғамның қызу талқысына түсті. Threads желісінде «kdvnv1» деген атпен тіркелген қолданушының айтуынша, лимузин жүргізушісі қалыңдықтың құрбысы ұмытып кеткен көйлекті қайтару үшін 20 мың теңге талап еткен. Келісім болмаған соң, ол көйлекті әжетханаға тастап, суретін жіберген. Жәбірленуші бұл оқиғадан кейін полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды newsroom.kz.

Лимузинде ұмытып кеткен көйлегін алайын десе, жүргізушінің 20 мың теңге сұрауы заңды ма?

«Көп адам маған әкемді немесе бауырларымды шақырып, әлгі адаммен күшпен сөйлес деп кеңес береді. Бірақ мен ол жолды таңдамадым. Барлығы заңды әрі әділ шешілсін деймін. Менің жағымда шындық бар, сондықтан ресми түрде соңына дейін барамын», — деп жазды жәбірленуші.

Осы оқиғаға қатысты заңгер Нұрлан Жанабаевтың пікірін білдік:

«Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, табылған зат иесіне қайтарылуы тиіс. Жүргізуші оны сақтап, иесіне хабарлауға міндетті. Ал қосымша ақы талап ету — заңсыз. Затты әдейі бүлдіру немесе жою Қылмыстық кодекстің 202-бабына (бөтеннің мүлкін қасақана жою) сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Ал ақша талап ету қорқытып алу ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда полицияға шағымданған дұрыс», — дейді заңгер.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату