Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Депутат ұстаздардың қызметіне алаңдап, ұсыныс айтты

Самат Нұртаза колледж педагогтерінің мәртебесін көтеруді ұсынды

Депутат ұстаздардың қызметіне алаңдап, ұсыныс айтты
Фото: paryz.kz

Мәжіліс депутат Самат Нұртаза колледж педагогтерінің мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Newsroom.kz

«Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық колледждердің жалпы жұмыс істеу жүйесіне, әдістемесіне бөлек қолдау қажеттілігі көрініп тұр. Өзіңіз білетіндей, биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, әр мұғалім үлгі тұтатын Жүсіпбек Аймаутовтың 135 жылдық мерей тойы аталып өтпекші. Алайда, осындай атаулы жылда бүгінгі білім беру саласында ақаулықтар бар екені мәлім», - дейді Самат Нұртаза.

Ол осыған қатысты вице-премьер Тамара Дүйсенова жолдаған депутаттық сауалында педагог кадрларды даярлауды жетілдіруге қатысты бірнеше ұсыныс айтты.