"Құл болған халықпыз" Қазақтың санасы қашан жаңғырады?

Дәстүрлі әнші қазақ қоғамының дерті туралы айтты

Видеодан кадр

"Егіз лебіз" жобасында тың қырымен танылған дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали Olzhas Berkinbayev ютуб арнасына берген сұхбатында қазақ қоғамының рухани дерті туралы айтты,- деп жазады newsroom.kz.

"Біз қазақ бодан болған елміз ғой, біз жалтақпыз, қорқақпыз. Біз әлемдік саясатта да, ішкі саясатта да батыл қадамдар жасай алмаймыз. Сондықтан да біздің кез келген министрліктегі қолында билігі бар азаматтар шешім қабылдаған кезде жалтақтап тұрады. Біз көпұлттымыз деген сылтау келеді. Діни алауыздық көп. Себебі, сана бізде әлі жаңғырған жоқ. Құл болған халықпыз. Мен Англияда жұмыс істеген кезімде, өмір бақи Африкада құлдықта болған кісімен жұмыс істедім. Ол құлдықтан азат етіліп, оның иесі қасиетті Рамазан айында рақымшылық танытып, мен саған бостандық беремін деп босатқан. Алжир жақтың азаматы. Азаттық алған бетте, ол сол елден кетіп қалды. Англияда оған көп жағдай жасалды. 32 жаста болды. Өте жақсы жұмыс істеді. Бірақ кішкене қатты дауыс шықса, дірілдеп кетеді. Қожайыны сабайтын сияқты. Санасы әлі азат болмаған. Ол жігітті көргенде өзімді көргендей болдым. Біз де сондай халықпыз. Біздің жалған намысымыз да содан шығып тұр. Біз диванда жатып алып, жалған намыстанамыз. Бірақ іске келген кезде жоқпыз. Батыр адам көп сөйлемейді, ол істейді",- деді Ерлан Рысқали.

Жүктелуде...