Солтүстікқазақстандық полицей Дели қаласында кикбоксингтен өткен турнирде чемпион атанды

2 жыл бойы Қазақстан Республикасының құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген погондағы спортшы шеберлігімен жеңіске жетті

Фото: polisia.kz

Солтүстікқазақстандық полицей-кикбоксшы кезекті спорттық жетістігіне қол жеткізді,- деп хабарлайды Newsroom.kz

2022 жылдың желтоқсан айында Тайландта өткен дүбірлі додада Азия чемпионы атанған полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жақыпов осы жолы да халықаралық чемпионатта ел намысын абыроймен қорғады. 

Спорттық іс-шара Үндістанның Дели қаласында өтті. 2 жыл бойы Қазақстан Республикасының құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген погондағы спортшы шеберлігімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Непалдық спортшыны тізе бүктірді. Ал финалда ирандық спортшымен кездесті. Нұрсұлтан барын салып, ұпай саны жағынан басым түсті.

Жүктелуде...