Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев дәрігерлер, полицейлер, құтқарушылар мен коммуналдық қызметтерге алғыс айтты

Бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар ұсынылды

Тоқаев дәрігерлер, полицейлер, құтқарушылар мен коммуналдық қызметтерге алғыс айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлер, полицейлер, құтқарушылар және коммуналдық қызметтерге алғысын білдірді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті", - делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлердің барлығына алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.