Педофилге амнистия берем деген президент отставкаға кетіп құтылды

Венгрия президенті Каталин Новак отставкаға кетті

Фото: uza.uz

Венгрия президенті Каталин Новак балаларға жыныстық зорлық-зомбылықты жасырды деп айыпталған ер адамға кешірім беру туралы даудан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы kazinform-ға сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Новактың отставкаға кетуін елдегі барлық оппозициялық партия талап етті. Өйткені ол 2023 жылдың көктемінде Рим Папасының сапары алдында балалар үйі директорының бұрынғы орынбасарына кешірім беру туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. 

Ол мектеп директорына оқушыларына жасалған сексуалдық зорлық-зомбылықты жасыруға көмектескені үшін 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Өз үндеуінде Новак «қателік жібергенін» айтқан. Енді Венгрия парламенті 30 күн ішінде жаңа мемлекет басшысын сайлайды.

Каталин Новак өз президенттігін 2022 жылдың наурызында бастады. Ол Венгрия тарихындағы тұңғыш әйел президент болды.

 

Жүктелуде...