Түріктер қазақтардың киіз үйінен көшкісі келмей жатыр екен

Қазақстан бір жыл бұрын табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде жіберген қазақ киіз үйлері түріктерге қаншалықты ұнағанын айтып берді

Фото: Kaz.inform.kz

ҚазАқпараттың Түркиядағы меншікті тілшісі Ақжігіт Чукубаев бір жыл бұрын жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен қалаларға барды,-деп хабарлайда Newsroom.kz порталы Kaz. inform.kz-сілтеме жасап.

Кахраманмараш қалалық әкімдігінде өткен брифингте қала басшысы Қазақстан бір жыл бұрын табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде жіберген қазақ киіз үйлері түріктерге қаншалықты ұнағанын айтып берді.

— Киіз үйлерді әлі күнге дейін бұзбадық. Шатыры мен жабындарын алып тастадық, бірақ киіз үйлерді бұза алмадық. Қиын кезде пана болған бұл үйлерге халық өте риза. Олар құралмалы контейнерге көшкісі келмей отыр. Киіз үйлер әлі тұр. Онда адамдар тұрып жатыр, балалар оқып жатыр, — деді Түркияның Кахраманмараш провинциясының губернаторы Мюкеррем Юнлюэр ҚазАқпарат тілшісіне.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында қазақстандықтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге киіз үй сатып алу үшін 18 миллион теңге жинап, бас-аяғы 100 киіз үй жөнелткен еді. 

 

Жүктелуде...