7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі және бес жастағы екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы жергілікті OTYRAR порталына сілтеме жасап.
Полиция қатігездікпен қаза тапқан бүлдіршіннің 31 жастағы анасына іздеу салды.
Күдікті Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектеп-лицейдің мектепке дейінгі сынып тәрбиешісі болып жұмыс істеген екен.
"Оқиға толық зерттелмеген және нақты ақпарат берілген жоқ. Артық ақпарат пен болжамдарды таратпауға шақырамыз. Егер сіз бұл адамды көрген болсаңыз, тиісті құзыретті органдарға хабарлауды сұраймыз", деп білім бөлімі болған оқиғаға түсініктеме берді.
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қызылорда облысының тумасы өз балаларын өлтіргенін растап, әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
"Екі баланы анасы өлтірді. Қызылорда облысының тумасы Түркістанға келіп, пәтер жалдап, содан кейін ол туыстарына балаларды өлтіретінін айтқан", - деп жазды Закиева әлеуметтік желілерде.