Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдай министрі қызметіне тағайындалды

Шыңғыс Әрінов бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің басшысы қызметін атқарған

Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдай министрі қызметіне тағайындалды
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Шыңғыс Әрінов бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің басшысы қызметін атқарған. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы – құқықтану. 

Азаматтық авиация академиясында білім алған. Мамандығы "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану".

2006-2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет;

2022 жылғы қаңтарда президент Өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған. 

ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық  медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.