Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қараша, 2024 / NewsRoom / Жаңалықтар

ТЖ министрі Әрінов өрт сөндіретін дрондарды енді сатып алмақ па?

Биыл республикалық, жергілікті бюджеттен және лизинг арқылы техникалар сатып алғанын айтты.

ТЖ министрі Әрінов өрт сөндіретін дрондарды енді сатып алмақ па?
Фото: Үкімет отырысы скрин

Астана. 12 қараша. Newsroom – Қазақстан Үкіметінің бүгінгі отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов есеп берді. Үкімет отырысындағы министрлердің барлық презентациялары мемлекеттік тілді емес, орыс тілінде болғанын ескерте кетейік.

Министрдің айтуынша, бірінші рет Ақмола облысында өрт сөндірушілерден, дәрігерлерден және құтқарушылардан тұратын әмбебап жоба пилоттық негізде іске қосылған.  Бұдан бөлек биік ғимараттардағы өртті сөндіру үшін алғаш рет дрондарды сатып алынбақ. Олардың саны – 2.

Биыл республикалық, жергілікті бюджеттен және лизинг арқылы техникалар сатып алғанын айтты. Оның ішінде:

Арнайы автотехника саны – 728

Жалпы құрал жабдықтар саны – 18 041

Министр елімізде өрт сөндіру депосының жетіспейтінін, олардың саны 121 екенін де айтты. Министрдің есебіне сүйенсек, елімізде жалпы ТЖ кезіндегі жұмыстар алғаш рет орындалып жатқандай. Бұлай дейтініміз, эвакуация кезінде тікұшақты пайдаланып, құтқару-жаттығу жұмыстарын жүргізуді де бірінші рет қолданып көргелі отырмыз.

1 миллионнан астам тұрғын үйге жылыту маусымы кезінде профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Олардың ішінде 291 082  заң бұзушылық тіркелсе, 139 029-інің алдын алып үлгерген. Ал 31 404 үйге кіре алмаған, себебі тұрғында үйіне кіргізбеген.