М. Түсіпбаева әйелдерге шүйліккен депутатқа жауап берді

"Бір күн әйел болып көріңізші": Меруерт Түсіпбаева тұрмыстағы жанжалға әйелді кінәлаған депутатқа әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды

Коллаж: Newsroom.kz

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру барысында, тұрмыстағы жанжалдың бәрі әйелдердің тілі ұзын болғанынан шығатынын айтып, желіде сынға ұшырады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Өнер адамдары халық қалаулысының пікірімен келіспей, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева қазақ әйелдерін қорғап, Instagram парақшасына жазба қалдырды.

“Варшава көшелерінің бірінде жаяу келе жатып, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі туралы ойладым. Неткен мықты қыздар еді. Біздің қоғамда қыздарды басып өсіреді. “Ұят болады” деген қысым көп. Одан қалса үй тірлігіне жұмсайды. Оқығаны оқып, оқымағаны тұрмыс құрады. Барған жерінде айдаһар сияқты ене күтіп алады. Бітпейтін үй түрлігі басталады. Күйеуінің қонағын күту, туысқандардың көңілінен шығу бәрі – келіннің міндеті. Ол байғұс бөтен жерге келді, 1-2 жыл бойы үйренсін деп ешкім күтпейді. Робот келгендей қуанады. Одан бала туады. Жұмыс одан сайын көбейеді. Сонда да ешкімге жақпайды. Менің құрбыларымның дені осылай өмір сүріп жатыр. Өздеріне де қарайды, баланы да өсіреді. Ал, депутат мырза, сіз дәл осылай өмір сүріп көріңізші?! Жаман әйел қайдан шығады?!” – деп жазды әнші. 

Ал, желі қолданушылары өнер иесінің жазбасына келісті.

“Дұрыс айтасыз, барлық жауапкершілікті әйелдерге ысырып қойған”, “Үндемесең де жақпайсың. Енем: "Арамсың үндемей жүріп, қу пәлекеттің бәрі ішінде" дейді. “Осындай депутаттың бірі біздің үйде жатыр. Жұмыс істеуге құлқы жоқ”, “Көшеге шыққан қатындар мына депутатты жеп қоймасын”, – деп пікір қалдырды оқырмандар.

Жүктелуде...