Kozachkov offside телеграм әлеуметтік парақшасында депутат Анас Баққожаевтың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтылған сөзіне Аида Балаевадан пікір сұралды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаевтың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі көбінесе "әйелдердің ұзын тілдері" болатыны туралы сөздері елеулі қоғамдық резонанс тудырды.
Бұл сөз туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаевадан пікір сұрауға шешім қабылданды.
"Аида Балаева бұл пікірмен келіспейтінін айтты. Әрбір зорлық-зомбылық жасаған адам жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қазіргі қоғам арасында көбіне талқыға түсетін тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу мақсатында түрлі профилактикалық жұмыстар жасалуы керек"-деді Аида Балаева