Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Кинодағыдай! Жемқорлыққа ашуланған әкім жиналыста ұстатып жіберді

Шымкент әкімі қызметкерлердің барлығы бірдей адал емес екенін айтты

Кинодағыдай! Жемқорлыққа ашуланған әкім жиналыста ұстатып жіберді
видеодан кадр

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы әкім қатысқан жиында ұсталды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Жиын барысында облыс басшысы сыбайлас жемқорлық тақырыбын көтеріп, әкімдік қызметкерлерінің барлығы бірдей адал емес екенін айтты.

"Араларыңызда мемлекетшіл, адал кісілер көп. Сіздерге нақты айтқан болатынмын. Өткенді қалдырып, адал жұмыс істеңіздер деп... Әріптестер, дұрыс түсініңіздер, басқа менің амалым қалмады, бес айдан бері сұрап келе жатырмын", - деді әкім.

Аймақ басшысының сөзінен кейін қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің басшысы кейбір қызметкерлерге қоятын сауалдар бар екенін айтты.

Жиналысты Антикор қызметкерлері үзіп, залға кіріп, шенеуніктердің бірін алып кетті. Ол Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып шықты.

Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды.

Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі.