Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан су спортынан әлем чемпионатында алтынды қанжығасына байлады

Эдуард Ким мен Наргиза Болатова су спортынан әлем чемпионатында тарихи алтынға қол жеткізді

Қазақстан су спортынан әлем чемпионатында алтынды қанжығасына байлады
Фото: Халықаралық су спорты түрлері федерациясы

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алдыңғы орынға шығып, алтын алқаны  қанжығаларына иеленді, деп хабарлайды Newsroom.kz

Жерлестеріміз Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова әртістік жүзуден алтын медаль (аралас жұп, техникалық бағдарламада) алды. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл). 

Сондай-ақ, бұл Қазақстан атлеттерінің су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі. 

Айта кетелік, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатында техникалық бағдарламада жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. Күміс медаль Қытай құрамасына (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши), қола жүлде Мексика командасына (Миранда Хименес пен Диего Каррильо) бұйырды.